Saturday , October 8 2022
kkru
fonbet

Қазақстандағы «ФонБет»: букмекерге толық шолу жасау

Біздің портал сарапшыларының пікірінше, «ФонБет» букмекерлік кеңсесі Қазақстандағы жетекші мекемелердің бірі болып табылады. Ол ТМД елдері ойыншыларының ұлттық рейтингісінде 4-ші орында тұр, бұл ресурс интерфейсінің ыңғайлылығын және тігістерді жасау мен қаражат шығару кезіндегі мәселелердің аз көлемде туындайтынын көрсетеді. Мақалада бұл букмекерге толық шолу жасалған, онда тәуелсіз көзқарас арқылы компанияның артықшылықтары мен кемшіліктері бағаланды.

«ФонБет» букмекері туралы жалпы ақпарат

Кеңсе 1994 жылы Мәскеу аумағында құрылған. Компания Ресейдегі беттингтің негізін қалап, кейіннен пайда болған мекемелерге бағдар, үлгі ретінде қызмет атқарды. «ФонБет» БК ресми атауы – «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС. 1997 жылдан бастап букмекер интернет кеңістігін игере бастады және пайдаланушылардан интерактивті тігістер қабылдау қызметін бірінші болып ашты.

Фирма қазақстандық лицензиясын 2019 жылы алды. Кейінірек, қазақстандық клиенттер үшін, порталдың ресейлік нұсқасын толығымен қайталайтын “.kz” доменімен жеке сайт құрылды.

  • Коэффициенттері төмен болғанымен, тіркелген клиенттеріне төлемдерді тұрақты түрде жасауының арқасында, «ФонБет» ТМД-да орташа беделге ие.
  • Сенімділігі пен заңдылығы бірқатар лицензиялармен расталады. Біріншісі Ресей аумағында федералды салық қызметімен берілген. Жалпы тізілімде ол 4-ші нөмірмен бекітілген.
  • Букмекер Кюрасао оффшорлық лицензиясын алды, бұл интерактивті режимдегі гемблинг үшін қажет болды. Бұл түрдегі оффшорлық сертификат ірі қаржылық ұтыстарды шығарумен байланысты қиындықтардың туындау мүмкіндігін көрсете алады. Еуропалық реттегіш лицензиясының болуы букмекерге көп пайда әкелер еді деп есептейміз.
  • «ФонБет» түрлі БК арасында тәжірибе алмасу мақсатында құрылған жеке ұйым – “Букмекерлік кеңселер қауымдастығының” мүшесі. Бұл ынтымақтастық компанияға Legalbet фирмасымен іскерлік серіктестік орнатуға көмектесті.
  • Букмекер өз сайтындағы Еуропа елдерінің тілдерін кеңейтіп келеді, бұл кеңсенің Батыста жүйелі түрде бет алуын көрсетеді. Болашақта компания «Independent Betting Adjudication Service» немесе «СРО» сияқты бірлестіктерге қосылуы мүмкін.

Халықаралық ынтымақтастық БК өз пайдаланушыларының алдындағы міндетті жауапкершілік деңгейін арттырады, бұл қызмет көрсету сапасына және фирманың басқа параметрлеріне әсер етеді.

“ФонБет”-тің Қазақстандағы клиенттері үшін интерфейсте қазақ тілінің болуы елеулі артықшылық болып табылады. Сондай-ақ, техникалық қолдау қызметі операторларына да ұлттық тілде өтініш жасауға болады. Сайт “Zendesk” компаниясының тірі чаты көмегімен және электронды пошта арқылы менеджерлерге хабар жіберуге немесе телефон арқылы көмек алуға мүмкіндік береді.

Қаржыны енгізу және шығару тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінген. Жеке кабинеттің шотын толтыру үшін шамамен 10 тәсіл қарастырылған, аударым 1-3 минут ішінде жасады. Ақша шығару мәселесі бойынша жағдай біржақты емес — портал әкімшілігі төлемді 5 жұмыс күніне дейін кідіртуі мүмкін, сондай-ақ ойыншы беттинг ережелерін бұзған жағдайда шоттағы ақшаны бұғаттау құқығын өзіне қалдырады.

Букмекер спорттың 30 түріне, соның ішінде футбол, волейбол, баскетбол, ММА, теннис және киберспорт жарыстарына тігіс жасауға мүмкіндік береді. Беттингтің орташа желісі Live-режимде немесе прематчта өтетін негізгі оқиғаларға арналған тігістердің кең тізімімен өтеледі. Басқа құмар ресурстарға қарағанда БК-нің ерекшелігі ретінде, киберспорттық ойындарға арналған жақсы желінің болуын айтуға болады.

Суретте «Фонбет» БК қосымшаларының әртүрлі нұсқаларының ерекшеліктері көрсетілген.
Суретте «Фонбет» БК қосымшаларының әртүрлі нұсқаларының ерекшеліктері көрсетілген.

“ФонБет” экзотикалық спорт түрлеріне, және бір немесе бірнеше оқиғаға аралас тігіс жасауға мүмкіндік береді. Сайтта, арасында қателіктері бар болғанымен, қарсыластарға толық аналитикалық мәліметтер жарияланады. Тіркелген сәттен бастап жасаған тігістер саны жеткілікті болған кезде және олар белгілі бір сомаға жеткен уақытта клиент FonBetTV ресурсына қатынай алатын болады.

Тігістер 2-3 минут ішінде есептеледі, матчтағы маржаның шамасы алдын ала режимде 8% құрайды. Тірі оқиғаларға арналған коэффициент орташа, аралас немесе экспресс-тігіс кезінде мөлшерлеме жоғарылайды, бірақ мұнда жеңіс ықтималдығы төмендейді. Төмен танымалдығы бар ивенттерге арналған тігіс тізімі тар, алайда тоталдар мен форалар әрқашан қол жетімді.

Қазақстандағы “ФонБет” БК артықшылықтары мен кемшіліктері

Біздің мамандар, букмекерлік кеңсенің басты артықшылықтарының ішіндегі төрт факторды анықтады:

  • депозитті банктік аударым арқылы, сондай-ақ басқа да ыңғайлы әдістер арқылы толтыру мүмкіндігі;
  • шынайы уақыт тігістеріне арналған сапалы функционал — коэффициенттер тез жаңартылады, ойыншы ұтысын оқиға аяқталғаннан кейін бірден алады;
  • кеңселердің орташа саны шағын қалалардың тұрғындарына да сәйкестендіруден өтуге мүмкіндік береді;
  • букмекер жаңа пайдаланушыларды тарту үшін үнемі жаңа акциялар мен бонустық бағдарламаларды ұйымдастырып отырады.

Айқын артықшылықтарға қарамастан, Қазақстандағы “ФонБет” БК теріс жақтары да көп. Олардың ішінде:

  • десктоп нұсқасында тірі чаттың жоқтығы — сұрақ қою үшін нысанды толтырып жіберіп, жауап алу үшін электронды поштаға келетін хатты немесе саппорт маманының қоңырауын күту керек;
  • қолдау қызметіне ұялы телефоннан қоңырау шалу қиын – байланыс автоматты жауап беру құрылғысы қосылған федералды көп арналы нөмір арқылы жасалады;
  • екінші және үшінші деңгейдегі оқиғаларға арналған тігістер тізімі – букмекердің талдау бөлімі коэффициенттердің балығын сапалы түрде жасап үлгермейді, бұл бәстер санына әсер етеді;
  • ең жоғары коэффициент 1,85-тен аспайды, үлкен көрсеткішті тек экспресс-тігістермен ғана ұтып алуға болады;
  • экспресс-тігістерді сақтандыру опциясы нашар ойластырылған – егер пайдаланушы алты жеңімпаздың бірін таппаған жағдайда ғана қаражатты қайтару мүмкін болады;
  • Егер Қазақстандағы “ФонБет” БК-де шетелдік азамат тіркелсе, ол операторға, көші-қон картасын қоса алғанда, жеке тұлғасын растайтын құжаттардың толық пакетін ұсынуға міндетті;
  • қаражатты шығару кезінде төлем Қазақстан Республикасының банктері шығарған карталарға ғана жүргізіледі – карта атаулы болуы және БК-дегі аккаунт иесіне тиесілі болуы тиіс;
  • ұтысты картадан басқа кез келген әмиянға аударған кезде, тәулігіне 6 транзакция ғана жасауға болады.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы “ФонБет” БК-ін біз сенімді мекеме деп санаймыз, бірақ оны жаңа ойыншыларға, сондай-ақ жоғары коэффициент іздеген ойыншыларға ұсына алмаймыз. Сайттың интерфейсі, сондай-ақ мобильді нұсқаның ыңғайлылығы назар аударуға тұрарлық. Букмекердің техникалық ерекшеліктерін егжей-тегжейлі қарастырайық.

Қазақстандағы “ФонБет” БК ерекшеліктері

Заңды түрде ойнау үшін және ұтқан ақшаны шығару үшін барлық пайдаланушылар тіркеу рәсімінен өтуі тиіс. Букмекер тек бір әдісті ұсынады – шынайы аты-жөнің көрсету, ұялы телефон нөмірі мен электронды пошта мекенжайын енгізу арқылы. Әлеуметтік желілер арқылы тіркелуге болмайды. Клиент құпиясөзді өз бетінше ойлап табады. Бонус алуға мүмкіндік беретін промокод бар болса, оны тіркеу кезеңінде тиісті алаңға енгізу керек.

Қате немесе жалған деректерді енгізген жағдайда аккаунт бұғатталуы мүмкін. Сондай-ақ, ұту мақсатында айқын алаяқтықтың әрекеттер орын алған кезде да аккаунт бұғатталуы мүмкін. Егер пайдаланушы заңсыз әрекет жасамаса да бұғатталуға ұшыраса, техникалық қолдау қызметіне жүгінуі керек. Операторлар жауабының жылдамдығы ағымдағы жүктемеге байланысты, бұғатталу мәселесін шешу үшін жеке куәліктің сканерленген көшірмелері мен банк картасының фотосуреті қажет болады.

Верификациялаудан кейін ірі сомаларды шығаруға болады, букмекер ойыншыға туған күніне орай сыйлықтар және басқа да бірқатар бонустар ұсынады. Верификациялаудан өтпеген пайдаланушы қаражатын шығару кезінде қиындықтарға ұшырап, тіпті ұтысын жоғалтып алуы мүмкін.

Сәлемдеме бонусы ақшалай емес, 60000 теңгеге дейінгі фрибет түрінде беріледі.
Сәлемдеме бонусы ақшалай емес, 60000 теңгеге дейінгі фрибет түрінде беріледі.

Қазақстандағы “ФонБет” БК бонустары

Барлық жаңа ойыншыларға бейілділік бағдарламасы ұсынылады, ол бойынша 60 мың теңгеге дейінгі сомаға фрибеттер есептеледі. Оны алу үшін ресми сайтта тіркеліп, аккаунтты верификациялау қажет. Бұдан кейін пайдаланушы шотты 1 мың теңгеден жоғары сомаға толтырып, кемінде 1,5 коэффициенті бар кез келген оқиғаға тігіс жасауы қажет.

Фрибеттерді ойнату үшін бонустың көлемінен 10 есе асатын сомаға тігіс жасау қажет. Бұл ретте 3,5-тен аспайтын коэффициенті бар оқиғаларға ғана тігіс жасалуы керек. Мекеменің адалдық бағдарламасын жаңа ойыншылар үшін жарамсыз деп санаймыз, өйткені бонустық фрибеттерді ойнатып ұтамын деп жүріп пайдаланушы негізгі шоттағы ақшасын жоғалтып алуы мүмкін.

Мысалы, ойыншы депозитке 1000 теңге енгізеді. Бірінші фрибетті ол 10000 теңге сомасына тігіс жасағаннан кейін ғана алады. Бонус көлемі салынған депозиттің 5 номиналына тең болады. Тегін тігістерге арналған ақшаны ойнатып ұтқанша, оны шығаруға болмайды.

Назар аударыңыз!!!

Қазіргі таңда Қазақстан нарығындағы ең жақсы бейілділік бағдарламасы MostBet букмекерінде. БК-дегі барлық бонустар “ФонБет” кеңсесіндегіге ұқсас, сонымен қатар тіпті 3 миллион еуроға дейін джекпот ұтып алуға болады.
«MostBet»-те әдетте қымбат автокөліктер ойнатылады, бірақ бұл жолы әкімшілік ірі джекпот ұсынды
«MostBet»-те әдетте қымбат автокөліктер ойнатылады, бірақ бұл жолы әкімшілік ірі джекпот ұсынды

Клиенттерге арналған қосымша ұсыныстар:

  • әрбір тігістен 10%-ға дейінгі кэшбэк;
  • орындалған тапсырмалар үшін берілетін бонустар (фрибет, ақша);
  • кэшбэк мөлшері мен бонустардың пайызына әсер ететін деңгейлер жүйесі қарастырылған.

Егер сіз “Фонбет” БК-де қалуды шешсеңіз, ресми сайтынан Android, іOS немесе Windows үшін жасалған бағдарламаның қол жетімді нұсқаларының бірін жүктеу ұсынылады. Қосымшалары Google Play немесе AppStore-да ұсынылмаған. Android қосымшасы кем дегенде 4.4 нұсқалы ОЖ орнатылған гаджеттерге арналған, Apple-дің iPhone және басқа өнімдер үшін кем дегенде 8.0 нұсқалы ОЖ қажет болады.

Тіркелгеннен кейін теңгерімді толтыру үшін Visa, MasterCard карталарын, QIWI және Касса24 әмияндарын қолдануға болады. Шот бірден толтырылады, ең төменгі толтыру сомасы 200 теңгеге тең, ең жоғарғы сома — 240 мың теңге. Ұтысты тек Киви және банк карталары арқылы шығаруға болады, мерзімдер эмитентке байланысты. Қаражатты әмиянға аударудың ең төменгі сомасы 500 теңгені, картаға – 5000 теңгені құрайды. Қаражатты енгізу және шығару кезінде БК тарапынан комиссия алынбайды.

Қаражатты тек үш әдіспен шығаруға болады, бұл букмекер позициясын айтарлықтай төмендетеді
Қаражатты тек үш әдіспен шығаруға болады, бұл букмекер позициясын айтарлықтай төмендетеді

Қазақстандағы “Фонбет” БК-гі тігіс түрлері

  1. Спортқа тігіс жасау. Тігістер бөлімі әдеттегі кең желілі тізіммен ұсынылған. Футбол матчтарына баса назар аударылған. Клиенттерге лайв, трансляция, статистика қол жетімді. Ең төменгі тігіс сомасы 50 теңгеге.
  2. Казинода шамамен 300-ге жуық ойын түрі бар, алғашқы депозитке 100% мөлшерінде берілетін сәлемдеме бонусы да бар. 20-ға жуық ойын шынайы дилерлермен өткізіледі.
  3. Ойын автоматтары – Crazy Monkey, Fruits, Garage және т.б. танымал слоттарды қамтиды.
  4. Лайв-казино — жеңімпазға, карталардың немесе рулетканың орналасуына тігіс қабылдайды. Тігісі тізімі шағын, бұл ұтыстың ықтималдығын төмендетеді.
  5. Покер — клиенттер өздері ойнай алады немесе үстел үстінде отырған ойыншыларға тігіс жасай алады. Қосымшаларда Холдем мен Омаха бар.

Қазіргі уақытта Қазақстан ойыншыларына арналған ең үздік онлайн-казино – MostBet. БК артықшылықтары:

  • бонустық ұпайларды тірі ақшаға айырбастау бағамын ұлғайтатын рейтингті арттырудың көп деңгейлі жүйесі;
  • апта сайынғы кэшбэк;
  • бонустық шот нақты ретінде пайдаланылады – одан белгілі бір вейджермен тігіс жасауға және ақша ойнатуға болады.

Қазақстанда “Фонбет” немесе “MostBet” БК сайттарына өту кезінде мәселелер туындамайды, алайда кейбір провайдерлер бұл порталдарды бұғаттай алады. Букмекерлер арнайы айналар немесе бөгде сервер арқылы жұмыс істейтін сілтемелер жасайды. Айнаны қарапайым іздеу құралы арқылы табуға болады немесе БК техникалық қолдау қызметінен қажетті мекенжайды алдын ала сұрай аласыз. Егер айналып өту әдісі көмектеспесе, VPN пайдалану ұсынылады.

“Фонбет” БК Қазақстанда өзін жақсы көрсете білді – ол көптеген оқиғалар ұсынады, сайт пен жеке кабинет жұмысын жеңілдету үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды. Клиенттер төлем мерзімі мен мөлшері туралы жақсы пікір білдіруде. Букмекер әлі даму шыңына жеткен жоқ және шынайы әрі виртуалды әлемдегі интеграциясын одан әрі жалғастырады деп есептейміз.

Жалпы ақпарат
Құрылған жылы 1994
Иесі (Заңды тұлғаның атауы) «Domina Fortuna (Домина Фортуна)» ЖШС
Қандай елдердің ресми лицензиялары бар (тізіп шығыңыз) Ресей, Қазақстан, Кюрасао
Құмар ойын-сауық түрлері (тізіп шығыңыз) Спортқа тігіс жасау, покер, казино, Live-тігістер
Сайты
Ресми сайт Fonbet.kz
Ұлттық тілде нұсқасы бар ма Иә
Сайт қандай тілдерге аударылған Орыс, қазақ, ағылшын
Қосымшалар
Android-қа арналған мобильді қосымша (Иә/Жоқ) Иә
Android үшін арналған қосымшаны жүктеу сілтемесі https://www.fonbet.kz/get/?android=1/
iOS-қа арналған мобильді қосымша (Иә/Жоқ) Иә
iOS үшін арналған қосымшаны жүктеу сілтемесі https://itunes.apple.com/kz/app/fonbet-kz/id1460134358
Мобильді қосымшалардың шектеулері Жоқ
ДК-ге арналған қосымша (Иә/Жоқ) Иә
Десктоптарға арналған қосымшаны жүктеу сілтемесі https://www.fonbet.kz/
Тіркелу
Тіркелу нұсқалары (E-mail, Телефон, Әлеуметтік желі) E-mail және телефон
Аккаунтты верификациялау (Иә / Жоқ) Иә
Верификацияға қажетті құжаттар Жеке куәлігі
Верификациясыз аккаунттың шектеулері Ақша шығару мәселелері
Депозиттер
Төлем жүйелері Visa, MasterCard, Qiwi Wallet
Шот қолдайтын валюталар Теңге, рубль, АҚШ доллары
Ұлттық валютаны қабылдайды ма (Иә/Жоқ) Иә
Бонустар
Алғашқы депозит бонусының пайызы Фрибеттер есептеледі
Бонустық шотқа аударылатын ең жоғарғы сома 60000 теңге
Бонустарды ойнатып ұтуға арналған минималды коэффициент 1,5
Бонустарды ойнатып ұту тәсілі 1,5 және одан жоғары коэффициенті бар кез келген оқиғаға тігіс жасау
Бонустарды ойнатып ұтуға берілген мерзім Реттелмеген
Промо-кодтар
Промокодтар бойынша ықтимал бонустар 60 мың теңгеге дейінгі сомаға фрибеттер
Саппорт
Телефон арқылы техникалық қолдау қызметі (Телефон/жоқ) Иә
E-mail арқылы техникалық қолдау қызметі (E-mail/жоқ) Иә
Лайв-чат арқылы техникалық қолдау қызметі (Иә/Жоқ) Иә
Тикет-жүйе арқылы техникалық қолдау қызметі (Иә/Жоқ) Иә
Техникалық қолдау қызметінің жұмыс уақыты Тәулік бойы
Техникалық қолдау қызметінің орташа жауап беру уақыты (Жоғары / Орташа / Төмен) Операторлардың жүктелуіне байланысты 1-ден 15 минутқа дейін
Желі
Коэффициенттер деңгейі (Жоғары/Орташа/Төмен) Орташа
Желінің кеңдігі (Жоғары/Орташа/Төмен) Негізгі оқиғалар үшін жоғары, екінші дәрежелі ивенттер үшін төмен
Спорт түрлері Спорттың 30 түрі, басты назар футбол, теннис, волейбол және баскетболға ауған
Тігістер түрі (тізіп шығыңыз) Тотал, фора, экспресс, Live
Матчтардың тікелей трансляциясы Иә
Айналар
Елде ресми сайт бұғатталады ма Жоқ
Жұмыс істеп тұрған айналарды қайдан табуға болады LegelBet сайтында, “Фонбет” БК саппортында

Несип Жунисбаевич Жунисбаев

Несип Жунисбаевич Жунисбаев
Спорттық колонна. Мен спорттық ставкаларды ұнатамын және 2015 жылдан бастап мен футболды болжаумен кәсіби түрде айналысып келемін. Мен Қазақстандағы букмекерлер жұмысының мәнін неғұрлым түсінікті тілде түсіндіруге тырысамын, олардың негізгі ерекшеліктерін сипаттаймын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

140 000 KZT на первый депозит!